Пианиношы

Бұл бетте «Пианиношы» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Пианиноны ойнаса,
Жанат сондай жанады.
Ән де салады қаласа,
Көңіліңді табады.
Саусағына қарасаң,
Сондай нәзік салалы.
Өнер десе орасан,
Асқар таудай талабы.
Ақ қағаздай өңі де,
Гүлдей сұлу өзі де.
Безегенде ән-күйді,
Ел сүйсінген өзіне.
Мектебінде ол сыйлы —
Мөлдір қара көзі де.
Балапандай сүйкімді,
Балдан тәтті сөзі де!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері