Шебер бала
Бұл бетте «Шебер бала» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған бала туралы өлең берілген.
Оралғали бір керім —
Атасынан көргенін
Айнытпай жасайды,
Ағаштарды қашайды.
Апасына монтақтай,
Жасап берді нан тақтай.
Қашау менен сүргіні,
Қолданады бұрғыны.
Жасап алды шананы,
Сондай жылтыр табаны.
Кілтке жасап ашқышты,
Пайдаланады кескішті.
Істемек боп басқышты,
Қолына алды тескішті.
Қолы неткен ыңғайлы,
Желімдейді, сырлайды.
Ойыншықты мертіккен
Бүтіндейді ол тіптен.
Жиек жасап елеуішке,
Көршісіне керексе —
Сымнан иіп құлақты,
Қондырады шелекке.
Кімге болсын сұраушы —
Барады ол көмекке.
Мектепте де үлгілі,
Балалардың білгірі.
Оралғали ат алды —
Шебер бала атанды.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі