Кемпірқосақ

Бұл бетте «Кемпірқосақ» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаңбыр жауып басылды,
Шұғыла нұр шашылды.
Кемпірқосақ жайнаған
Аспаныма асылды.

Тау шыңындай тіркесіп,
Тізбектеліп бұлт көшіп.
Жадырайды көк аспан,
Нұрға малып шың төсін.

Кемпірқосақ шұғыла
Төккен таудың шыңына.
Әжем алып таққандай,
Лента етіп қызына.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері