Қолшатыр

Бұл бетте «Қолшатыр» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қолымызда —
Қолшатыр...
Алдымызда —
Жол жатыр.
Жаңбыр құйса
Төбеден,
Сасамыз ба —
О, неден?

Батырмасын басамыз,
Қолшатырды ашамыз.
Жан жүніміз үрпиіп,
Деме қорқып қашамыз.

— Кел, жаңбыр, — деп сүйсініп,
Нөсерлетсін — тосамыз.
Босқа тұрмай күрсініп,
Жауынды әнге қосамыз!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері