Етік-шана

Бұл бетте «Етік-шана» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ерден жаңа етігін
Мақтап жүрді екі күн.
Сығанақ деп шанадай,
Зорға басып ентігін.
Етік-шана келісті,
Атқарғандай көп істі.
Сырғанады өрменен,
Жорғалады қарменен.
Бұндай етік ол бұрын,
Секілді бір көрмеген.
Арада он күн өткесін,
Шана қылып тепкесін,
Қанша жаңа болса да,
Түсіп қалды өкшесі.
Қанша өкінсін Ерденің,
Кімге айтады өкпесін?!
Бос сенділіс ермегі,
Терді соған төккесін.
Зәбірді етік көргені,
«Тесілгендей өкпесі».
Жөндеуге де келмеді,
Қақырады табаны.
Ерден қолын сермеді —
Тағы алам деп жаңаны.
Әкесі алып бермеді, —
Осы етігін жамады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері