Жөндегіш

Бұл бетте «Жөндегіш» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әкесінің сағатын
Жөндеймін деп, баласы
Түгел жойды тағатын,
Келмеді, әттең, шамасы.

Асығам деп ентікті,
Әр бинтін бір түртті.
Қайта-қайта суменен
Қыл-шектерін ол сүртті.

Кетірді де қисынын,
Қойып қойды ақырын.
Армансыз-ақ құлшынып,
«Жөндеді» естіп батырың.

Сары майды сайлады,
Ішін түгел майлады.
Ойлағаны өзінше,
Шықпай қойды ойдағы.

«Жөндегіш» деп осыны айт,
Білгіштігін қосып айт.
Бар-ау, шіркін, «шеберлер»,
Шықпай жатқан өнерлер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері