Қолғап

Бұл бетте «Қолғап» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үлпілдеген түбіттен
Жіп иіріп ұршықпен.
Ұйысқанын жазды да,
Тазалады бүршіктен.
Сөйтіп қолғап тоқыды, —
Қайдан апам үйренген?
Өнеріне сүйсініп,
Бір тамаша күйге енгем.
Сондай әсем сұқ саусақ,
Кішілі, үлкен бес саусақ.
Қызыл белдік, көк белдік,
Тұрар айтып сұқтансақ.
Киіп едім шап-шағын,
Жып-жылы өзі түбіттің.
Керегі жоқ басқаның,
Пайдасы ғой түліктің.
Түбіт қолғап әдемі,
Неткен жұмсақ сүйкімді.
Еркелеткен әжемнің
Алақаны секілді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері