Костюм

Бұл бетте «Костюм» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тура өзім қалаған
Костюм кидім жаңадан.
Әкем маған әкелді
Әдейілеп қаладан.

Дәлме-дәл кеп ойыма,
Үйлесіп тұр бойыма.
Әкем мұны әкелді
Туған күнгі тойыма.

Орындалып тілегім,
Лүпілдейді жүрегім.
Костюмімді былғамай,
Күтіп киіп жүремін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері