Бояулар
Бұл бетте «Бояулар» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызыл жалын — алаудай,
Қызыл бояу — жалаудай.
Күзде сары атырап,
Сары алтындай жапырақ.
Көктемдегі жер қандай —
Жасыл бояу дәл сондай.
Қара бояу — көмірдей,
Айсыз түнгі өңірдей.
Көк бояу — көк аспандай,
Сағымданған асқардай.
Ақ бояу бар — ақ таңдай,
Жаңа жауған ақ қардай.
Күлгін бояу — жусандай,
Кете қоймас жусаң жай.
Көмейінде қоңыр саз,
Күзде ұшады қоңыр қаз.
Біліп алсын білмеген —
Сегіз бояу бұл деген.
Тандап-таңдап ала біл,
Жақсы сурет сала біл!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі