Дәріге тереміз

Бұл бетте «Дәріге тереміз» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бөктерден шөптердің
Сан түрін көреміз.
Қош көрген шөптерді
Дәріге тереміз.

Көкте ұшқан кептерді
Аялап нелер біз.
Тыныштық, туыстық
Құсы деп сенеміз.

Қылықты, сүйікті
Кептерлер ұшады.
Қалайды биікті,
Бұлтты да құшады!

Бөдене көдеде —
Ғаламат құс әні.
Көк құсым өнеге —
Достықтың нышаны!

Ол ыстық кімге де,
Тек бақыт тосады.
Кептерге бар елде —
Ашады құшағын.
Сол үшін әлемде
Ол еркін ұшады!

Сақтайық бар жерде
Баланың бақытты өмірін!
Баулиық ерлікке өренді,
Болашақ арттырып сенімін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері