Мұғалім апам
Бұл бетте «Мұғалім апам» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған ұстаз туралы өлең берілген.
Мұғалім апам – зейінді,
Көрмейін қашан – көңілді.
Мұғалім апам өмірді
Құрметтер сонша сенімді...
Сұрасаң көмек – ол дайын,
Көрсетер демеп, ыңғайын.
Ізеті бөлек әрдайым,
Тауыстым демес – көз майын.
Кітапты сонша оқиды,
Өлең-жыр көрсе – толқиды.
Өнерге десе – шалқиды!
Тыңдасын неше ән-күйді –
Тыңдаған сайын балқиды.
Еңбегінің ерен айғағы –
Орденді қанша алғаны.
Депутатқа да сайлады,
Елі боп оны тойлады!
Мұғалім апам – өнеге,
Ұқсаған шалқар кемеге.
Апамдай болсам мен егер –
Парасаты іңкәр, кемеңгер!
Бар шәкірт айтар – көреген!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі