Жайығым
Бұл бетте «Жайығым» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыңғырлаған Жайығым –
Былдырлаған сәбиім.
Балдай тәтті қылығың,
Өзіңмен келер сәні үйім.
Төрт тісіңді көрсетіп,
Езу тартсаң – күлеміз.
Келеді деп ержетіп,
Мәз боп сыртта жүреміз.
Қарақаттай көзіңді
Мөлдіретіп қарайсың.
Байқаймын, сен де өзіңді
Әжептәуір санайсың.
Қанатыңды қомдап ап,
Талпынасың ұшуға.
Қимылыңды оңдап ап,
Ақ мамаңды құшуға.
Бал бөбегім – қызығым,
Серік бол сен ағаңа.
Күлімдейтін жүзі күн
Іні бол сен апаңа.
Сонда бәрі жарасар,
Жақсылар да жанасар.
Әке-шешең мәз болып,
Бір сүюге таласар.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі