Алдаушы
Бұл бетте «Алдаушы» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бөпесімен алманы
Тең бөлем деп алдады.
Жеген кезде халуаны
Жалған ісін жалғады.
Тілген кезде қауынды
Өзі жеді тәуірді.
Дәмді, жұмсақ алшаны
Өзіне алды мол салып.
Бөліскенде конфетті
Бөпесі де қыңқ етті:
– Бар нәрсенің тәуірін,
Аласың да өзіңе, –
Деп айтасың, – бауырым, –
Құлақ аспай сөзіме.
Жақсы көрсең мені сен,
Жасар ма едің осылай?
Сен үлкенсің, білемін,
Ал мынауың – тосын жай...
Өзімшілдік дұрыс па? –
Кейде апасы ұрысса,
Бөпесінің ағасы
Тұрады кейін бұрышта!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі