Ақ боран
Бұл бетте «Ақ боран» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ боран ышқынып,
Соқты жел ысқырық.
Ұдайы үш күндей
Тынбады үскірік.
Ойнауға шықпадым,
Бораннан ықтадым.
Мұндай шақ боларын
Күн бұрын ұқпадым.
Қарды жел үреді,
Қораға кіреді.
Тазартып ауланы,
Көкем қар күреді.
Атам да аққала
Қалады жап-жаңа.
Үйілген тау болып,
Ұқсайды мақтаға.
Алатын қысымға,
Ойлашы қысың ба?
Пеш жанып күні-түн,
Үй іші ысуда.
Қар бәрін жасырды,
Айласын асырды.
Ойнауға шығамыз,
Боран да басылды.
Айтқанды ұғатын,
Болдық біз ақылды!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі