Жарысамыз шанамен
Бұл бетте «Жарысамыз шанамен» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Табиғаты таңғажайып,
Тамаша ғой қыс деген.
Тау басына, кел, шығайық,
Аққалаға қардан үйіп істеген.
Біз соғайық –
Қамал жасап күшпенен,
Жұмысымыз болса лайық,
Бәріміз боп істеген.
Қырға шығам,
Қыр басынан жарысамыз шанамен.
Жылда осылай, үй қасынан
Сырғанақты салам мен!
Күн шыға біз құлшынамыз,
Демалыста қызықтап!
Биікке де бір шығамыз,
Шанамызды нық ұстап.
Жетілеміз, жөңкілеміз,
Ылди жаққа жылыстап.
Санап ерен, шанаменен –
Бірде ойнаймыз қуыспақ.
Қысқа күнді қыс көңілді –
Өткізе алсаң дұрыстап.
Мына әлемге мақтанышпен –
Шыққандаймыз ту ұстап!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі