Желкілдеген желегі
Бұл бетте «Желкілдеген желегі» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәнге бөлеп қырқаны
Өсті жайнап гүл тағы.
Көктем туып, күн күліп,
Атты майдың нұр таңы.
Арнасымен арқырап,
Күміс өзен сарқырап.
Көз тартады алыстан,
Шар айнадай жарқырап.
Мөлдір аспан,
Көк аспан,
Көркі өзіне жарасқан.
Бүлдіршіндер өзара
Жұмбақ айтып таласқан.
Самал гүлді тербеткен
Келген сайын әр көктем.
Атып арай май таңы,
Кейде жаңбыр селдеткен.
Құстың сұлу бір паңы –
Аққу көлді тербеткен.
Құстар ұшқан топтанып,
Өзен,
Көлге
Тоқталып.
Үлкен, кіші қуанып,
Көктем келсе – шат халық.
Таңы қандай көктемнің!
Назы қандай көктемнің!
Барша өңірді аймалап,
Сәуле шашқан көктен күн!
Желкілдеген желегі,
Жерді нұрға бөледі.
Күллі аймаққа бұрқырап,
Жұпарын да төгеді.
Сағындырып, шымшылап,
Беттен желі өбеді.
Елге беріп зор қуат,
Жылда көктем келеді.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі