Күнбағыс

Бұл бетте «Күнбағыс» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күнбағыс-ау,
Күнбағыс!
Күнді сүйген
Ер екенсің
Сен нағыз.

Күн ауғанда,
Сен де ауып,
Құлпырасың,
Құп алып.

Төбеңнен күн
Өтпей ме?
Таңдайың сенің
Кеппей ме?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері