Көбелек

Бұл бетте «Көбелек» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көбелек те талмайды,
Ерден қуып қалмайды.
Қона салып, қайта ұшып,
Ерденді ол алдайды.
Отты айналып ұшатын,
Өлімді өзі құшатын,
Болма босқа көбелек,
Дөңгеленген ебелек.
Жеңіл мінез баланы
Көбелекке санайды.
От басқан деп, сол үшін
Мазақтайды Жанайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері