Құрық-атқа мінгенде

Бұл бетте «Құрық-атқа мінгенде» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ойға батып, тамсандым,
Қолыма дәу қамшы алдым...
Мінiп алып құрыққа,
«Атым бар», – деп жар салдым.

«Айт, жануар, шу!» – дедiм,
Жолмен шауып, гуледiм.
Бұрқылдатып шаңдақты,
Ешкімге жол бермедiм.

Көзбен шолып жан-жақты,
– Жарысайық, кел, – дедiм.
Көрші досым Ардақты
Басып озып ерледiм.

Менен үлкен Бармақты
Көзіме де ілмедiм.
Өн бойымды шаң қапты,
Бәйгені алып терледiм!

Жүйрік баптап ең жақсы,
Озғаным да сол менің!
Құрық деме «атымды»,
Нағыз тұлпар айтулы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері