Шопан атам

Бұл бетте «Шопан атам» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған ата туралы өлең берілген.

Қыстың суық бораны
Жайлап алды қораны.
Жаңа туған қозыны
Атам тонға орады.

Үйге әкеліп, қозының
Ауызынан үрледі.
Салып қойды өзінің
Тымағына төрдегі.

Әлден уақыт өткенде
Маңырайды жас қозы.
Марқа болып көктемде,
Осы болар бас қозы.

Қойды күтсең құрметтеп,
Жүнін берер қолғапқа.
– Балам, саған бұл – мектеп,
Қой бағуды ардақта.

Қысы-жазы қоңынан
Арылмайды қойлары.
Қойдың қалмай соңынан
Жүргенде атам жайдары.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері