Жаңбыр

Бұл бетте «Жаңбыр» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Күннің көзін бұлт жапты,
Шатұр-шұтыр күркіреп.
Жуып өтті құм-тасты
Қара жаңбыр дүркіреп.

Қозы-лақтар топтасып,
Тығылды үйдің ығына.
Жаңбыр суы ақты асып,
Жылғамен көл суына.

Жаңбыр, жаңбыр, құй, жаңбыр,
Гүлдеп көгер, жер, жаңғыр.
Егін шықсын бітік боп,
Біз терейік қырдан гүл.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері