Бал сәби
Бұл бетте «Бал сәби» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған бала туралы өлең берілген.
Балабақша бағында
Асыр салып ойнаған,
Бал сәбиге таңым да
Нұрын төгіп тоймаған.
Жаңа еккен жас шыбық
Бұрын жарып көктеген.
Бал бөбектер шат күліп,
Қатарласқан баппенен.
Қарағанда жаутаңдап,
Сүйіп алдым бір-екі.
Жүгіргенде томпаңдап
Елжіреткен жүректі.
Ерте демей,
Кеш демей,
Алға ұмтылып талпынған.
Ойлап,
Ойнап,
Еш демей –
Өмірде өтпек бір сыннан.
Бал сәбидің –
Кім айтар,
Өскенде кім
Боларын.
Күні ертең-ақ,
Өзі айтар, –
Космонавт боламын!
Бәлкім, болар қас батыр,
Алған беттен
Қайтпайтын.
Тұрсын алда асқар шың,
Аттың басын
Тартпайтын.
Балабақша бағында
Тамашала ерте кеп.
Бақытты бала шағыңда
Өсе бер, сәби,
Еркелеп!
Көк көгершін –
Көгімде,
Ұша берсін –
Талмасын.
Көктем гүлі
Өмірде,
Шешек атып,
Солмасын.
Бал сәбиім,
Көңілді,
Жалға өмірдің –
Жалғасын.
Бейбітшілік өмірді
Әлем болып қорғасын.
Сақшыларым сенімді –
Тыныштықтың тұлғасы!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі