Шөже

Бұл бетте «Шөже» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бөпесі тауықтың –
Шөже де сауықшыл.
Шашқаны күл-қоқыс,
Қылығы күнде осы.
Қоқысқа тояды,
Топырақ аяғы.
Кірсе үйге әжем де
«Кіш-кіш» деп қуады.
Салақты кім сүйген,
Кім оны жуады?!
Жүндері үрпиген,
Үсті де кір, әне.  

Шөжелер сүйкімді,
Болса да домалақ.
Келтірген күлкімді
Үсті кір-қожалақ.
Тазалық білмеуі –
Байқасаң – обал-ақ!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері