Тең бөліс

Бұл бетте «Тең бөліс» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірге ойнауды жөн көріп,
Көрші досым Жансерік
Алып шықты үйінен
Сегіз алма, төрт өрік.
Бізде болмай келістік,
Бөлісе алмай, керістік.
Үшке бөлу керекті,
Кім береді көмекті?!
Алып келдік шешейге,
Дауымызды шеше ме?

– Сендер тақ та,
Мынау жұп,
Бөлу керек нешеге? –
Деп сұрады күлімдеп.

– Үшке қалай бөлінбек?
Онда төртке бөліңіз, –
Деп шуладық бәріміз.

Екі алма, бір өріктен
Тигені тең бөлістен.
Бұл ісіне даналық
Таң қалысып қарадық.

Шешей айтты:
– Іс пе екен!
Қара есепке күшті екен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері