Қара да, сана!
Бұл бетте «Қара да, сана!» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оң жағында ақ мысық,
Сол жағында көк күшік.
Сыртта жатыр сұр төбет,
Қыбыр етпей бүк түсіп.
Он балапан ұяда,
Ұшамын деп қияға –
Әкесі мен анасы
Асырайды баласын.
Құс дегенде үйдегің –
Бес қаз, екі үйрегің.
Салпаңдатқан құлағын
Қозы, бұзау, лағың –
Бір-біреуден бұлар да,
Түсінер деп ұғамын.
Бәрін қоссаң қаншама?
Қара дағы, сен сана!
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі