Құс санау
Бұл бетте «Құс санау» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір дегенім – Бүркіт,
Көрген емес үркіп.
Екі дегенім – Ителгі,
Жем алуға икемді.
Үш дегенім – Үйрек,
Сусыз жерде сирек.
Төрт дегенім – Тырна,
Ұшып жүрер қырда.
Бес дегенім – Бұлбұл,
Өнерлі құс бұл бір.
Алты дегенім – Аққу,
Ақ мақтадай – ақ бұл.
Жеті дегенім – Жылқышы,
Көл еркесі жыл құсы.
Сегіз дегенім – Сауысқан,
Кезіп елді тауысқан.
Тоғыз дегенім – Тоты,
Әдемі құс осы.
Он дегенім – Көкек,
Күнде салған секек.
Он бірінші – Қасқалдақ,
Айтшы, неден жасқанбақ?!
Он екінші – Қаршыға,
Аң ауласар аңшыға.
Он үшінші – Шымшық,
Көрген емес тыншып.
Он төртінші – Безгелдек,
Далада оған кез келдік.
Он бесінші – Күшіген,
Адам қорыққан ісінен.
Он алтыншы – Бөдене,
Жолды кесіп кезеді.
Он жетінші – Балықшы,
Көлден аулар балықты.
Он сегізінші – Пингвин,
Ұшпайтын құс, білем.
Он тоғызыншы – Кекілік,
Тұзаққа түсер секіріп.
Жиырмасыншы – Дуадақ,
Семірсе, ұста қуалап!
Бастан-аяқ санап көр,
Жиырма құсты санап бер.
Ашықса құс, – аялап,
Шамаң келсе, тамақ бер.
Өстіп санар санамақ –
Саңға жүйрік талапкер!
Еңбегіңді бағалап –
Қонса кей құс паналап,
Ұя салып, көмек бер!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі