Бала деген
Бұл бетте «Бала деген» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған бала туралы өлең берілген.
Бала деген –
Бота ғой,
Ойнап, ойнақ салатын.
Бала деген –
Құлын ғой,
Құлдыраңдап шабатын.
Бала деген –
Қозы ғой,
Монтиғанын қоймайтын.
Бала деген –
Лақ қой,
Тасқа қарғып ойнайтын!
Бала деген –
Бұзауқан,
Аңсап күтер енесін.
Сәби деген –
Күнің ғой,
Көктен күлім қағатын.
Сәби деген –
Гүлің ғой,
Қырда жайнап жанатын.
Сәби деген –
Шырын ғой,
Сүйсең мейірің қанатын.
Сәби деген –
Қуат ғой,
Шаршауынды жоятын.
Бала деген –
Осы ғой,
Айтқанына көнесің.
Бала деген –
Балапан,
Томпаң-томпаң шабатын.
Бала деген –
Бал құрақ,
Көгеріп қанат қағатын.
Екі беті
Балбырап,
Алдыңнан шауып шығатын.
Бала деген –
Балдырған,
Жаныңды сенің ұғатын!
Сол баладан
Тасқындайды қуатың.
Сол баладан,
Орындалар мұратың.
Сол баладан,
Арайлап күнің туады.
Түбінде сол ұрпағың
Жолыңды сенің қуады.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі