Кім ашты екен шүмекті?

Бұл бетте «Кім ашты екен шүмекті?» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құйғандай су кезектеп,
Жауды жаңбыр шелектеп.
Болды үстіміз малмандай,
Дірдектедік, безектеп.

Бақша-бауды қарық қып,
Су толтырды арықты.
Шаңды басып жарықтық,
Демалдырды халықты.

Жаңбыр қатты үдетті,
Қолшатырсыз жүдетті.
Әттең-әттең, көктегі –
Кім ашты екен шүмекті?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері