Торғай

Бұл бетте «Торғай» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бетекесі бұлтиып,
Басын ішке бұғыпты.
Отыр жүні үрпиіп,
Торғай сүймей суықты.

Ашты ма екен қарыны,
Жем таба алмай тарығып.
Аяғы әлде тоңа ма,
Шиқылдайды зарығып.

Аяғанмен бола ма,
Қолыма оңай қона ма?
Жем салар ем өзіне,
Үйге келсе қонаға.

Дос етер ем өзіме,
Тигізбей еш балаға.
Үйір етсем үйіме,
Келтірер ем күйіңе.

– Торғай-торғай, үстіңе,
Тон жапбайын, көнсеңші!
Ақылды құс өсте ме?
Біздің үйге жүрсеңші!

Жаз болғанша кісіге,
Үйір болып көрсеңші!
Бұйығасың несіне,
Айтқаныма сенсеңші!

Сонда қысың да өтеді,
Көктем де келіп жетеді.
Қайта ұшырып жіберем,
Еркіндікке, далаға!
Достасайық құспенен,
Ұқсап жақсы балаға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері