Ұста атаның құралымыз
Бұл бетте «Ұста атаның құралымыз» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
ТӨС
Жұмыр менің жоным.
Арқама мін – оның.
Сом денелі Төспін.
Маған тең жоқ
Ешкім.
Айта алмаймын –
Боспын.
Ұсталармен
Дегенмен –
Ажырамас доспын!
БАЛҒА
Балпанақтай Балғамын,
Балуан дене –
Бар ма, кім?
Балғаменен дос болып,
Бағасын біл балғаның.
Балғаны ұстай білмеген
Бас бармағын баланың
Білмей жаншып қалғанмын...
Тіп-тік етіп қисықты,
Жөнге салам қырсықты.
Сом темірді иемін,
Дөңгелетіп ұршықты.
Балаларға балғадай,
Балпаң бол деп тіледім.
Балға ұстасаң ойланбай,
Болма осал дер едім.
Балғаменен бір болмай,
Табылмайды керегің.
Бүгілгенді жазамын,
Түзеу – менің талабым.
Шеберлерді қаладым,
Болса ерекше талабың.
Қызмет қылсаң ойлаған,
Елден алғыс аласың.
Сол үшін де балғадан –
Қайсысың шеттеп қаласың?!
ТІСТЕУІК
Қайшыланған тісім бар,
Білсең – мығым күшім бар.
Мен қожасы – Шегенің,
Шегелермен ісім бар.
Қисық шеге дегенің
Көнбей қойса қисынға,
Менің сонда – керегім,
Бастан тістеп, қысуға.
Болар менің көмегім
Дәл сондай іс тұсында.
Тісім мықты – құралым,
Тістеу керек – ұғамын.
Не қисықты інінен
Тістеп алып шығамын.
Тістеуіктің бәрін де,
Сол уақытта –
Біл әлін!
БІЗ
Менің өзім – Бізбін,
Қынама бел – қызбын.
Келісіп тұр жайым да,
Келісіп тұр ойым да.
Сапталғаным
Қайыңға
Келісіп тұр –
Бойымда.
Сүйір, үшкір – тұмсығым,
Түйреп, тескір – «бишімін».
Бір бойласам, қоймаймын,
Сенгін, сенбе – бойлаймын.
Неше қабат болса да,
Еңбектенем құлшынып.
Тесіп өтпей шаршамай,
Ар жағына бір шығып.
Осал деме, Біз, әне, –
Көңіліңді табады.
Шырқай алсаң Біз әнін,
Біз де орасан, бағалы.
Өткір жанды іздеме,
Бізден өткір жоқ әлі!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі