Дәнге толар қоймалар

Бұл бетте «Дәнге толар қоймалар» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алтындатып түз, белді,
Тамыз келді, күз келді.
Сары дала төсінде
Комбайндар жүзді енді.

Жомарт сарша тамызда,
Масақ қалмай аңызда,
Дәнге толып қоймалар,
Сабан тойы тойланар.

Тау-тау болып үйілген,
Астыққа көз сүйінген.
Тоқтамайды күндіз-түн
Элеватор, диірмен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері