Жаңбырлы күн

Бұл бетте «Жаңбырлы күн» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаңбыр жауар себелеп,
Гүлдер қағар дегелек.
Тысыр-тысыр дамылсыз,
Тамшы, саған не керек?..

Тамбай тысыр-тысыр,
Бұлтты ары ысыр.

Қыңсылайды күшігім,
Мияулайды мысығым,
Батпақты күн ойынның
Қандыра алмай құшырын.

Аф-аф, мияу-мияу!
Күн ашылмай тұр-ау!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері