Дельфин

Бұл бетте «Дельфин» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Салып зейін, ақылың,
Зерттеп көрсең, батырым,
Теңіздегі рекорд –
Сағаты жүз шақырым.

Иесі оның дельфиндер,
«Құтқарушы» дейтіндер.
Су астында жүйткіген
Сүңгуірдей кейпін көр.

Ұқсамайтын жыртқышқа,
Жем де болмас «ит-құсқа»,
Сүйкімді бұл саңлақты
Зейініңде мықты ұста.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері