Ардақтап батыр, данасын

Бұл бетте «Ардақтап батыр, данасын» атты Арасанбай Естенов жазған ерлік туралы өлең берілген.

Ардақтап батыр, данасын,
Қорғаған байтақ даласын,
Елімнің даңқын даралар –
Біздің батыр бабалар.
Отан деп біліп, кіндігім,
Сақтаған елдің бірлігін,
Ертекке ісі бара-бар –
Біздің батыр бабалар.
Аластап елін кесірден,
Ұрпағын шыңдап өсірген,
Қайыспас, қайтпас қара нар –
Біздің батыр бабалар.
Күзетіп шаттық күлкімді,
Сыйлаған бізге бұл күнді,
Алаштың ері саналар –
Біздің батыр бабалар.
Шежіресі – халқымның,
Ерлік, дәстүр-салтымның,
Болашаққа – жарқын Күн
Жеткізер ұлттық Даңқым бұл –
Біздің батыр бабалар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері