Тәсіл қалай аталар?

Бұл бетте «Тәсіл қалай аталар?» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Ұрыста көп тиген пайдасы,
Абылайдың шабуыл айласы,
Қалай деп аталған? Қанеки,
Зейін сап, тарихты ойлашы.

– Жиырма екі жастағы жас ұлы,
Майданға енгізген, әсілі,
Шайқасқа ұтымды тактика
Аталар “Абылайша” тәсілі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері