Басқыншы жауды жасқаған,
Белді көсем, басты адам,
Бар қазақтың қосынын
Бас жорыққа бастаған.
Бес қаруын сайлаған,
Бас сайысқа сайлы адам.
Батырсынған дұшпаны
Баспақтай боп жайраған.
Бөгенбай ұлы қолбасы,
Батырлардың төлбасы.
Бел шешпестен қорғаған
Байтақ елін ол да осы.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі