Вамбери

Бұл бетте «Вамбери» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Вамбери Армений (1832–1913) – венгер ғалымы, түрколог, этнограф. 1863 жылы Түркістан, Хиуа, Бұхара, Самарқанда болған. «Орта Азияға саяхат», «Орта Азия очерктері» т.б. еңбектері бар.

Ғалымы ол венгердің
Зерттеген көп елдердің
Тарихын, әдет-ғұрпын да,
Болып ата жұртында.
Қазақ жайлы еңбегі
Тұрмыс-салтты елдегі,
Қазақ деген халықты
Күллі әлемге танытты.
Ойы ұшқыр, алымды,
Вамберидей ғалымды
Жастайыңнан сүйіп өс,
Көкейіңе түйіп өс.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері