Есім хан

Бұл бетте «Есім хан» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

“Қасым ханның қасқа жолы,
Есім ханның ескі жолы”.
Халық нақылы.

“Еңсегей бойлы ер Есім”,
Деп атаған төресін,
Бағасынан халқының
Көресің оның өресін.
Пайымдап бергі-арғысын,
Тәртіптің түзген жарғысын.
“Есім салған ескі жол”
Елінің алған алғысын.
Бейбіт күнде - Елбасы,
Қиын шақта – қолбасы,
Бастау алған өзінен
Жақсылықтың жол басы.
Әділдік жолын ұстанған,
Дұшпанын көрсе, сұстанған,
Бірегейі хандардың
Артында игі іс қалған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері