Жәңгір хан мен Жалаңтөс
Бұл бетте «Жәңгір хан мен Жалаңтөс» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
және Орбұлақ ойраны
Бірлікке елін ұйытқан
Салқам Жәңгір – ұлық хан.
Орбұлақта ойран ғып,
Қалмақты қалың ұлытқан.
Айнала қаза ор салып,
Осы жерде қарсы алып,
Он есе көп жоңғармен
Соғысты үш күн жан салып.
Келтірмей демін “әу” деуге,
Аттатпады әудемге.
Үшінші күні таң ата
Жалаңтөс жетті жәрдемге.
Тізе қосып қос батыр
Тілектес, көптен дос батыр,
Тегеуріні шыдатпай,
Қалың қалмақ қашты ақыр.
Қиямет кезде шырғалаң,
Отанын жаудан қорғаған,
Жәңгір хан мен Жалаңтөс
Осындай міне, ер бабаң!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі