Зұлқарнайын

Бұл бетте «Зұлқарнайын» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

“Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?..”
Абай.

Қилы тағдыр кешкен бұл,
Зұлқарнайын Ескендір
Жайлы сырлар шертеді
Әлімсақтан жеткен жыр.
Елді шарлап атағы,
Нелер асуды асады.
Тітіретіп ғаламды
Жер қайысқан жасағы.
Жарты әлемді билеген,
Именуді білмеген,
Патша бопты ол өзін
Қатар қойған Күнменен.
Әлем билеу – арманы
Барын соған арнады.
Бар екенін білместен
“Алмақтың да салмағы”.
Қару күші – сенері,
Соғыс қана өнері.
Тарихи тұлға саналып,
Ұмытылмай келеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері