Атауымды кім айтар?

Бұл бетте «Атауымды кім айтар?» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көнерген дәуір мақамын
Шертіп те кейде жатамын.
Күні боп батқан тарихтың,
Таңы да болып атамын.
Көбейткен шежіре қатарын,
Мен де бір көне шаһарың.
И-де болар отауым,
Білесің бе, атауым?
(Исфаһан, Испиджаб, Иасы)


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері