Қаракерей Қабанбай
Бұл бетте «Қаракерей Қабанбай» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырық жылғы қырғынның
Қас батыры қаһарман.
Қолбасшысы мың-мыңның
Қалмаған еш қатардан.
Ерасыл бабаң жоңғарға
Күркірей шауып қабандай,
“Үркітіп” жауын, сол маңда
Атаныпты Қабанбай.
“Түре қуған дабылы-ай,
Қалың жауды лап қойған!” –
Деп сүйсінген Абылай
Дарабоздай ат қойған.
Астында Қубас аты ойнап,
Өзіне артып зор сенім,
Ұрысқа кірген атойлап,
Қабанбай бабаң ол сенің.
Қиямет, қилы заманда
Ел қорғаған асыл ер,
Қазағымның әманда
Мәртебесін өсірер.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі