Кенесары

Бұл бетте «Кенесары» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кең байтақ қазақ жері үшін,
Ен жайлаған елі үшін,
Ақ патшамен айқасқан
Берместен еш келісім.
Аштырмай адым, аранын,
Елемей отты жарағын,
Азуын Айға білеген
Арыстаны даланың.
Жүрсін деп жұртым жайраңдап,
Орнатпақ болып Иран бақ,
Отаршыл елге салды лаң
Бекіністерін ойрандап.
Ақ сенімін жүктеп ел,
Азаттық таңын күткен ер.
Зәресі ұшқан ақ патша
Басына бәйге тіккен ер.
Бірлігін елдің, қаусаған,
Түзетпек болып, қамсаған.
Көре алмай кетті есіл ер
Азаттық таңын аңсаған...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері