Махамбет
Бұл бетте «Махамбет» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
“Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма, бұлардай...”
Махамбет.
Исатайдың серігі,
Әрі батыр, әрі ақын.
Жасын жырдың көрігі,
Жалынды оттай жанатын.
Алмас қылыш – Наркескен,
Қиып түсер қылтадан.
Отаны үшін қан кешкен
Өрт мінезді, мәрт адам.
Сарбаздарын, шер толғай
Шайқастарға жебеді.
“Еділдің бойы ен тоғай
Ел толтырсам деп еді”...
Орындалмай арманы
Қиылып кетті қыршыннан.
Артында қалды орманы –
Жырлары Күнге құлшынған.
Сұлтандар сұрқын қашырған,
Алдаспан сұсты асыл жан,
Жырымен бірге тасынған
Ғасырға кетер ғасырдан.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі