Наурызбай
Бұл бетте «Наурызбай» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Батырлық балладасы)
Жауына отты жай тастап,
Нарқызыл атпен ойқастап,
Ортаға шықты жас сарбаз
Жекпе-жекте айқаспақ.
Қарсылас жауы Қаскелең
Насаттанып, тасты ерен.
Еленбей шелді көзіне
Нарқызыл атты жас берен.
Толтырып қанға жүректі,
Азуын Айға білетті.
Тірестен кейін алғашқы
Жүрегі бірақ дір етті.
Арыстандай ақырып,
Айбатын ақтық шақырып,
Қайтара шапқан ата жау
Қара жер құшты “аһ” ұрып.
Өкіріп дұшпан жер қапты,
Топырақ шашып жел жатты.
“Наурызбайлап!” дүр етті
Рухтанған ел қатты.
Қазақтың солай асты ері,
Жеңіске жеткен жас бөрі –
Наурызбай батыр сол кезде
Жиырма бір-ақ жаста еді.
...Бақыртып талай “атанды”,
Тазартқан жаудан Отанды,
Сол Наурызбай қазақтың
Нар батыры атанды.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі