Нұркен Әбдіров

Бұл бетте «Нұркен Әбдіров» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұшқыш Нұркен Әбдіров
Жауына тажал төндіріп,
Отқа оранған ұшағын
Алды ырқына көндіріп.

Ашу-ыза күйікпен
Бар қайратын жиып кеп,
Ойран қылды жау күшін
Сорғалай ағып биіктен.

Жалынға орап танкісін,
Мәшинесін, бар күшін,
“Жастығын ала жастанып”,
Елінің алды алғысын.

Теңдесі жоқ ерлігін,
Қастер тұтар ел бүгін.
Ескерткіші тұр, әне,
Танытып намыс өрлігін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері