Эскалатор – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Эскалатор» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2375
Эскалатор барады алып төменге,
Эскалатор барады алып тереңге,
Миллион аяқ—миллион орман көшкендей
Барады ағып, барады ағып төбемде.
Эскалатор ұқсап қызыл сұңқарға,
Эскалатор барады алып шырқауға.
Миллион көздер — миллион жұлдыз
жанады,
Арман атты асқаралы бір тауда.
Келем, келем со бір тауға мен өрлеп,
Жан-жағыма көз тастаймын елеңдеп.
Тебірентіп тереңдік пен биіктік,
Бір сәт өзім кеткендеймін тереңдеп.
Тереңдікпен жаңа шықтым табысып,
Биіктікпен тұрмын енді қауышып.
Тебірентіп тереңдік пен биіктік,
Егіз жолдай жетектейді жарысып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері