Олжабай, Орақ батырлар

Бұл бетте «Олжабай, Орақ батырлар» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Орақ пен батыр Олжабай,
Кеше алмай тірлік жанға жай,
Елі үшін жаумен шайқаста
Сан түскен сынға – алғадай.
Бел шешіп үйде жатпаған,
Қайыңнан найза саптаған.
Қазақтың жерін тазартқан
Қалмақтан қалың қаптаған.
Ерлер бұл, көптің бірі емес,
Ерлігін ерен біліп өс.
Оларға мәңгі қарыздар
Бейбіт күн, мынау ұлы көш.
Сақтаған жұрттың елдігін,
Даламның байтақ кеңдігін,
Бабамның ерлік ісімен
Мақтана алам мен бүгін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері