Райымбек батыр кесенесі

Бұл бетте «Райымбек батыр кесенесі» атты Арасанбай Естенов жазған ерлік туралы өлең берілген.

Алматының ортасында,
Ұқсап шыңның жартасына,
Көкке ұмсынған кесене тұр,
Шөккен бура дәл қасында.  

Шулы даңғыл, тау етегі,
Жүргіншілер көп өтеді.
Барлығы да басын иіп,
Аруағына тәу етеді.  

Ел көзінде, лайым көп,
Мәңгі-бақи тұрайын деп,
Осы жерге дамылдапты
Батыр бабаң Райымбек.  

Тағдыр жазған пешенесі –
Шулы, дулы көшеде осы.
Ұмыттырмай өткен күнді
Асқақтап тұр кесенесі.  

Жаз өтінде, күз өтінде,
Тұрғандай ел күзетінде,
Асқақтайды еске салып,
Отан қорғау қызметін де.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері