Сұраншы, Саурық, Саяндар
Бұл бетте «Сұраншы, Саурық, Саяндар» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұраншы, Саурық, Саяндар,
Ерлігі жұртқа аяндар
“Мен атайын, сен тұр” – дер
Шетінен кілең нояндар.
Күлігін сайлап асылдан,
Жаратып, таң асырған.
Ел шетіне жау тисе,
Бес қаруын асынған.
Алаштың қорғап елдігін,
Азаттығы мен теңдігін,
Жеткізген бізге солар ғой
Даламның мынау кеңдігін.
Жүзбасы, бірі мыңбасы,
Елімнің бір-бір тұлғасы.
Солардан алар қайнарын
Тәуелсіздіктің жыр басы!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі